ӘБУХАНОВА АЛМА ҒАБДУРАХЫМҚЫЗЫ

педагогика ғылымының кандидаты, доцент

USER_PHOTO

ӘБУХАНОВА АЛМА ҒАБДУРАХЫМҚЫЗЫ

2017-03-17

А.Ғ.Әбуханова А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетін үздік аяқтады. Студент кезінен ғылыми-зерттеу қызметіне қабілеттілігі байқалғандықтан, 1976-1978 жылдар аралығында А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетінің кафедрасында зерттеуші болып тағылымдамадан өтті. 1978-1981 жылдар аралығында А.Ғ. Әбуханова Морис Торез атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық шет тілдер институтының грамматика және ағылшын тілінің тарихы кафедрасының аспирантурасында оқыды. Жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 40 жыл, соның ішінде ЖОО – 39 жыл.

1984 жылы «Орта дәуірлік ағылшын тілі графикалық жүйесінің ерекшеліктері (XVI ғасыр аяғындағы Лондон диалектісінің жазба ескерткіштері негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Ресми оппоненті филология ғылымдарының докторы В.Я.Плоткин берген пікірінде А.Ғ.Әбуханова тіл білімінің өте аз зерттелген саласында жұмыстанғанын айтты.

Кандидаттық диссертациясын табысты қорғағаннан кейін А.Ғ.Әбуханова туған институтына қайта оралып, ағылшын тілінің фонетика және грамматика кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

1991 ж. ССРО-ның халыққа білім беру мемлекеттік комитеті А.Ғ.Әбухановаға герман тілдер филологиясы кафедрасы бойынша доцент атағын берді.

А.Ғ.Әбуханованың ғылыми еңбектерінің жалпы көлемі 14 баспа табақ болады. 50 астам мақаласы жарияланды.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМу және америкалық зерттеулер орталығы бірігіп ұйымдастырған “American Studies: Curriculum Development and Implementation Seminar” атты ғылыми семинарға қатысты. Семинар жұмысының аяғында доцент А.Ғ.Әбухановаға АҚШ мемлекеттік департаментінің сертификаты табысталды.

А.Ғ.Әбуханованың жетекшілігімен тоғыз магистрлік диссертация жоғары нәтижемен қорғалды.

А.Ғ.Әбуханованың басшылығымен қала және облыс мұғалімдеріне ғылыми-практикалық конференциялар, мектеп оқушылары үшін кафедралық олимпиадалар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, А.Ғ.Әбуханова біліктілікті жетілдіру институтында дәрістер оқиды, «Дарында» олимпиадалар өткізуге қатысты.