Абузяров Разак Абдрахманович

профессор

USER_PHOTO

Абузяров Разак Абдрахманович

2017-03-28

Педагогика ғылымдарының докторы Абузяров Разак Абдрахманович, 1932 жылы дүниеге келген.
Жалпы педагогикалық жұмыс өтілі 63 жыл. Ресей Федерациясының Оқу-ағарту Министрлігінің аспирантурасын аяқтағанан кейін (1969 ж.), КСРО Педагогикалық Ғылым академиясында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады. Ленин атындағы Әскери-саяси академиясының педагогика кафедрасындағы оқуын тәмамдап, 1984 жылы докторлық диссертациясын қорғағаннан соң, Разак Абдрахмановичке педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілген. Ал 1985 жылы Разак Абдрахманович профессор атағын алған.
БҚМУ-да Разак Абдрахманович 1970 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Орыс тілінің әдістемесі кафедрасын 26 жыл басқарды. (1971-1997 жж). Кафедра жанынан аспирантура ашылып, Р.А.Абузяровтың жетекшілігімен 10 оқытушы сәтті аяқтап шықты. Бес аспирант Р.А.Абузяровтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады.
Р.А.Абузяров Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Диссертациялық Кеңесінің мүшелігіне сайланып, кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғауда оппонент болды (Г.А.Кажигалиева, В.Н.Камшилина және т.б.).
БҚМУ-да Р.А.Абузяровтың ғылыми мектебі құрылып, орыс, қазақ және татар тілдерін жедел оқытудың әдістемесі, орыс тілін оқытудың сапасын жетілдірудегі экстралингвистикалық факторлардың рөлі секілді сүбелі мәселелер зерттеуге алынды. Профессордың бастамасымен көтерілген Ғ.Тоқайдың татар халқының ұлы ақыны ретінде қалыптасуына Орал қаласының рөлі, исламдық ренессанстың әлемдік мәдениетке сіңірген ықпалы туралы күрделі мәселелердің де орны айрықша.
Разак Абдрахманович Мәскеуде, Ереванда, Бишкекте, Қазанда, Уфада өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып тұрады. Орал қаласында профессордың ұйымдастыруымен Қазанның, Уфаның, Алматының белгілі ғалымдарының қатысуымен 8 халықаралық конференция өтті.
Бүгінгі таңда ғалымның 250-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбегі жарық көрді.
ҚазКСРО оқу-ағарту Министрлігінің «ҚазССР халық ағарту саласының үздігі» (1982 ж.) белгісімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарғысымен «Ерен еңбегі үшін» атты медалімен (1986 ж.), КСРО халаы білім беру саласындағы еңбегі үшін «КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелігісімен марапатталған. Сол секілді Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2002 ж.), (2009 ж.) төсбелігмен, «Мәдениеттегі жетістіктері үшін» белгісімен (Қазан қаласы, 2009 ж.), Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Татар халқына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен (2015 ж.) марапатталды.