Абузярова Эльмира Разаковна

орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

USER_PHOTO

Эльмира Разаковна Абузярова

2017-03-29

Абузярова Эльмира Разаковна 2004 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ орыс филологиясы кафедрасында қызмет атқарды. Орал қаласындағы №21 ЖОББМ қосқандағы жалпы еңбек өтілі - 19 жыл.
Э.Р.Абузярова 2008 жылы «Формирование лингвокультурологической компетенции учащихся 8-9 классов на уроках русского языка (на материале лингвокультурологического поля «Яик-Жайык-Урал») деген тақырыпта диссертациясын қорғап, кандидаттық емтихандарын тапсырыған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасына ізденуші болып бекітілді. Абузярованың диссертациялық тақырыбы бойынша (2012) монография шығарылып, Қазақстан және Ресейдің конференция жинақтары мен ғылыми журналдарында 30 шақты мақаласы жарияланды.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 2012-2014 жылдары аралығында магистратурада оқығаннан кейін, магистрлік диссертациясын сәтті қорғаған соң Эльмира Разаковна «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды.
Осы жылдар ішінде Эльмира Разаковна Абузярова кафедрада өзін сауатты маман және жауапты жұмыскер ретінде көрсете білді. Орыс тілі мен кәсіби орыс тілі практикалық сабақтарынан бөлек «Балалар әдебиеті», «Орыс тілін оқытудағы лингвомәдениеттану» және басқа да пәндер бойынша дәрістер жүргізеді. Эльмира Разаковна оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстардан бөлек, өз тобына және орыс тілінен дәріс жүргізетін басқа да факультет студенттеріне тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде өткізіп келеді.
Оқытушы Абузярова біліктілікті арттыру курстарына және түрлі деңгейдегі семинарларға белсене қатысады. Мәселен, 2016 жылы Алматы қаласында Өрлеу БАҰО «Заманауи педагогикалық технологиялар» курсынан өтті.