Ахонова Гульнара Кентибаевна

экономика ғылымдарының кандидаты

USER_PHOTO

экономика ғылымының кандидаты

2017-03-16

Г.К. Ахонова өзінің еңбек жолын жоғарғы оқу орнында оқушы лауазымынан бастап аға оқытушы, доцент дәрежесіне дейін жетті.

Г.К. Ахонова 1996 жылдан бастап ҚР жоғары білім беру жүйесінде ғылыми және педагогикалық қызмет атқарып келеді. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетінің Диссертациялық кеңесінде 2001 жылы 00.08.12 – Бухгалтерлік есеп, статистика мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін сәтті қорғады.

Г.К.Ахонова есеп және қаржы кафедрасының алдыңғы қатарлы оқытушыларының бірі. Ол қаржы, қаржы менеджменті, банк ісі және бірнеше пәндер бойынша дәрістер оқиды. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттерге өзі оқитын курстар бойынша білім алуын және оны меңгеруін жақсарту мақсатында электрондық оқулық, оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс оқу бағдарламаларын, СӨЖ және семинар сабақтарына тапсырмалар, тест тапсырмаларын, іскерлік ойындар мен сценарийлер өткізу әдістемелерін құрастырды. Гульнара Кентибаевнаоқу-әдістемелік кешенді құрудың көшбасшысы және авторы ретінде үлкен жұмыс атқарды. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі қоғамдық жұмыстарға, ұлттық бірыңғай тестілеуді, талапкерлерді кешенді тестілеуді өткізу жұмыстарына белсене араласты.

Гульнара Кентибаевнадәрістерді кәсіби деңгейде инновациялық және интерактивті оқыту нысандарын қолдана отырып өткізеді. Студенттердің ғылыми жұмысттарына кеңінен жетекшілік етеді. Оның жетекшілігімен студенттер халықаралық, республикалық олимпиадалардың, халықаралық және республикалық ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурстарының жеңімпазы болды.

Г.К.Ахонова ғылыми жұмыспен тұрақты айналысып келеді, ғылыми мақалалары алыс шетелдермен қатар республикалық деңгейде де жарияланды. Республикалық, халықаралық деңгейдегі конференцияларды ұйымдастырып және қатысып отырады. Бір монографияның, 2 оқу құралының және 35-тен астам мақаланың авторы. Сонымен қатар инновациялық оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, шеберлік кластарын өткізіп, сертификаттарын алды.

Г.К.Ахонова докторлық диссертациямен жұмыстануда.

Г.К.Ахонова қоғамдық жұмыспен де белсене айналысады.

АхоноваГульнара Кентибаевна университет тарапынан құмет грамоталарымен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.