Базарбаева Венера Калиоллина

орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі

USER_PHOTO

Венера Калиоллина Базарбаева

2017-03-29

Базарбаева Венера Калиоллина 2002 жылы филология факультетінің "Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті" мамандығын бітірді.
В.К.Базарбаева М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 2003 жылдан бастап жұмыс атқара бастады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың магистратурасын бітіріп, 2006 жылы диссертациясын қорғады. Сол уақыттың ішінде өзін жауапкершілігі мол және ұйымдастырушылық қабілеті бар оқытушы ретінде көрсете білді. В.К.Базарбаева практикалық орыс тілінен сабақ беріп, филология факультетінің студенттеріне тиімді, күрделі дәрістер оқиды.
В.К.Базарбаеваның мақала жазудағы тақырыптары сан түрлі: оқыту әдістемесі, журналистика, көптілділік, студенттік ортадағы билингвизм т.б. МАК ұсынысына кірген Халықаралық, республикалық басылымдарда 20-дан астам мақаласы жарыққа шықты.
ЖОО жұмыс жасаған кезден бастап-ақ әр түрлі семинарлар мен білімді жетілдіретін түрлі деңгейдегі семинарларға қатысып келеді. 2014 жылы Алматыда өткен педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсын тәмамдады. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-оқытушылар құрамында болып, инновациялық жобаларға қатысты. Байқау нәтижесінде мақаласы "Школа передового опыта" жинағында 2014, 2015 жылдары жарыққа шықты.
В.К.Базарбаеваның кафедра іс қағаздарымен жұмыс тәжірибесі мол, 2015-2016 оқу жылында орыс филологиясында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, кафедраның, қала берді факультеттің жұмыла жұмыс жасауына ықпал етеді. Оқу, тәрібие жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыруда айрықша үлес қосып келеді. Әріптестерінің арасында беделді, ұйымдастырушылық қасиеті өте жоғары.