Чечетко Маргарита Владимировна

филология ғылымдарының кандидаты доцент

USER_PHOTO

ЧЕЧЕТКО МАРГАРИТА ВЛАДИМИРОВНА

2017-03-17

Чечетко М.В Саратов педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мамандығы бойынша тәмәмдаған. 1980 жылы Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөлімін аяқтап, ММУ-дың арнайы кеңесінде Джейн Остеннің шығармашылығы бойынша кандитаттык диссертациясын Батыс Европа, Америка және Австралия елдерінің әдебиеті мамандығы бойынша қорғады. 1986ж. доцент ғылыми дәрежесі берілді. 1964 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да қызмет атқарып келеді, жиырма бес жылдан астам уақытка жуық герман филологиясы кафедрасына жетекшілік етті. Жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 52 жыл, соның ішінде ЖОО – 50 жыл. Қазіргі таңда шетел тілдері кафедрасының доценті.

Чечетко М.В оқытылатын ел әдебиетінің тарихы, аудармасы курстарын, арнайы курстарын жүргізеді. Сонымен қатар, филологиялық анализ сабақтарын жүргізіп, дипломдық жұмыстарға жетекшілік етеді. 2003ж. бастап магистратура бөлімінде жұмыс еңбек етеді, яғни теоретикалық дәрістер оқып, қорғалынатын магистрлық диссертацияларға жетекшілік етеді. Ол жетекшілік еткен 25 магистрлік диссертацияның бәрі де сәтті қорғалып шықты.

М.В. Чечетконың ғылыми ізденіс салалары: әдебиет құбылыстарын салыстыра зерттеу, ағылшын, америка және неміс әдебитеттері. Маргарита Владимировна “Запад и восток” атты шығармашылық топтың жетекшісі. Ол 75 ке жуық мақалалардың, төрт әдістемелік құралдың және Габдешева А.Е.және Дроздов. А мен бірігіп «Киплинг:поэт и писатель» (2012), Дроздов. А мен бірігіп «Англо-американская поэтическая традиция и русская поэзия XX века» (2013) монографиясын және «Уральский венок Роберту Бернсу», «Запад и Восток» атты кітаптарының құрастырушысы болып табылады. Сондай-ақ әдебиетті оқытуда драматизация мәселелерін қолдану саласы бойынша алматыда семинар өткізді. Вещие сестры және Эхо Студенттік театрларын басқарып, сол театрлармен жұмыс жасаудың тәжірибесі негізінде жиналған материалдарды жинақтап «Играем и учимся» атты жобаны құрастыруда. Мәскеу мемлекеттік университетінде, Воронежде, Днепропетровскіде, Саратовта болған конференцияларда баяндамалар дайындады.

Чечетко М.В. қоғамдық және тәрбие жұмысымен айналысады: қалалық және облыстық іс-шараларға, тұсаукесерлерге қатысады, №1 ОМ оқушылар театрына қатысушыларға кеңес береді, мәдениет және өлкетану тақырыбында БАҚ көздерінде мақалалар шығарады, А.Дрпоздовпен бірлесіп «Двух голосов перекличка»атты өлеңдер жинағын шығарды, мектеп драмалық үйірмелердің жұмысына көмек береді. Студенттермен кеңес жүргізеді.

Қазақ ССР білім беру озаты, Еңбек ардагері төсбелгісімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.