Донскова Галина Анатольевна

Орыс филологиясы кафедрасының доценті

USER_PHOTO

Галина Анатольевна Донскова

2017-03-28

Донскова Галина Анатольевна – филология ғылымдарының кандидаты, орыс филологиясы кафедрасының доценті. 1979 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.
Университетте 1981 жылдан бастап қызмет істейді 1988 жылы КСРО Педагогика Ғылымдарының Академиясының Ұлттық мектептегі орыс тілінің практикасы ҒЗИ жанындағы аспирантурасын бітірді. Бізді ЖОО-да оқытушысы ретінде қызметін жалғастырды, 1989 жылдан бастап ОПИ –БҚМУ орыс тілі кафедрасында аға оқытушы. 1998-2002 жылдар аралығында «ИнКом» компьютерлік лицейде, Гуманитарлық колледжде қосымша қызметін атқарды. 2002 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы БҚМУ орыс филология кафедрасының –оқытушысы.
Г.А.Донскова ауқымы кең лингвистикалық пәндерден сабақ береді:орыс тілінің фонетикасы мен лексикологиясы, тіл біліміне кіріспе және жалпы тіл білімі, стилистика, мәтіннің лингвистикалық талдауы, педагогикалық риторика және басқа пәндер.
«АNDAS» Оқу орталығында «Дербес компьютерінің пайдаланушысы» курсын бітірді (№542 куәлік), сабақтарында компьютерлік технологиярады пайдаланады, орыс тілінің стилистикасы бойынша электрондық оқулық құрастыруда (Р.Э.Винникпен бірлесіп).
Сабақтарында компьютерлік технологияларды белсенді пайдаланады, 2015-16 оқу жылында интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы 200-ге тарта дәріс сабақтарын өткізді (209 ауд.). Р.Э.Винникпен авторлық бірлестікте орыс тілінің стилистикасы атты электронды оқу құралын жарыққа шығарды.
Өзінің ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі көтеріп отырады. «Жаңа оқу технологиялары» курсын оқыды (Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті Педагогикалық институтының сертификаты – қазан, 2007 ж.).
2004 жылы қарашада Пятигорск мемлекеттік университетінде, 2005 жылы 18 ақпанда 8-К/229 бұйрығымен РФ ЖАК-пен бекітілген кандидаттық диссертациясын қорғады.
60-тан астам ғылыми басылымы бар. Аймақтық және халықаралық конференцияларға белсене қатысады (Алматы, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Лондон, Нью-Йорк, Лас-Вегас, Сиеттл және т.б.).
Донскова Г.А. облыстық оқушылар олимпиадаларының, Облыстық оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми жобалары жарыстарының эксперт комиссияларының жұмысына белсенді қатысады. Қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Филология факультеті студенттерінің ғылыми жұмыстарына ұзақ уақыт басшылық етті, топтың кураторы болды.
15 жылдай лингвистикалық ономастикалық үйірмелер жұмысын жүргіздеді, осы материалдар арқылы студенттер ғылыми баяндамалармен, курстық және дипломдық зерттеулермен жұмыс жасайды. Доцент Г.А.Донскованың жетекшілігімен 2 студенттің ғылыми жұмысы (О.Ульченкова – 2013 ж. және Л.Шыңғалиева – 2015 ж.) 3-орын алғаны үшін Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды.
Оқытушы ЖОО-мен қоғамдық іс-шаралар өткізуде, факультеттің оқу кабинеттерін ресімдеуге белсенді қатысады, жыл сайын университет қонақтары мен факультет студенттеріне арнап қаланың көрнекті, тарихи жерелерінде экскурсия жүргізеді.