Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы

филология ғылымдарынын кандидаты, доцент

USER_PHOTO

филология ғылымдарынын кандидаты, доцент

2017-03-10

Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы -

филология ғылымдарынын кандидаты, доцент

1956 ж. 26 қарашада Саратов облысы, Ершов ауданы,

Новорепино селосында туған.

1979 ж. Орал педагогикалық институтын “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығын бітіріп, ұстаздық жолын орта мектептен бастаған.

1982 ж. - оқытушы, ізденуші, доцент қызметтерін атқарып келеді.

1982 – 2001 жж. – оқытушы, аға оқытушы, доцент БҚМУ.

1994 – 1997 жж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ізденушісі.

1997 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Батыс Қазақстан топонимиясының этнолингвистикалық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1998 ж. - филология ғылымдарының кандидаты.

2000 ж. – доцент атағы берілді.

2005 ж. “Қазіргі қазақ тілі синтаксисі” курсы бойынша электронды оқулығы жарық көрді.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: тіл білімінің этномәдени жүйесі: ономастика, Батыс Қазақстан облысының типологиясы. Аймақтық топонимдердің этнолингвистикасы және оның даму жолдары, тіл білімінің грамматика саласы: қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем проблемалары.

Марапаттары: Ы.Алтынсарин атындағы медальдың иегері