Избасаров Болат

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

USER_PHOTO

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

2019-04-17

Білімі:

1963 -1967 жж. А. С. Пушкин атындағы Орал педагогикалы институттар.

Аспирантура. Т.Г. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университеті, 1974-1977

Педагогикалық жалпы еңбек өтілі: 40 жыл

Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Мемлекеттік марапаттары:

11.11.1991 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері » белгісімен,

16.12.2001 жылы Қазақстан Республикасының он жылдығына байланысты президент Н.Назарбаевтың алғыс хатымен;

24.10.2003 жылы тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстарына қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен;

8.12.2004 білім беру саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Республиккасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен;

05.10.2004 білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен;

29.12.2004 облыста білім жүйесінің дамуына және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі берудегі үлкен жетістіктері үшін «Ақтөбе облысының жыл адамы-2004» атағына ие болды;

07.09.2006 жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Ғылыми еңбектері:

1. Кіші параметрлі сызықтық емес параболаның текті теңдеулердің квазипериодты және периодты дерлік шешімдерін зерттеу. Физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Ақтөбе 2001 ж.

2. Әлсіз және логорифмдік ерекшелігі бар интегралдық теңдеулерді облысты тарамдау тәсілімен шешу. Сб. «Вычисл. и прикл. матем.» вып. №38 Киев, 1979.

3. Волноводтың сындық жиілігін есептеудің матрицалық тәсілі. Сб. Тез. Докл. VII Казахстанской межвуз. конференции по матем. и механ. Қарағанды, 1981.

4. Эллиптикалық оператор үшін екі өлшемді спектрлік есепті шешудің матрицалық тәсілі. Докл. АН. УССР. Киев, 1984.

5. Екі өлшемді эллиптикалық оператордың спектрлік есебін шешудің бір тәсілі туралы. Алматы, 1984. Сб. Тез.докл. VIIІ Казахстанской межвуз. конференции по матем. и механ .ч.2. Қарағанды, 1981.

6. Штурм – Лиувилли есебін шешудің матрицалық тәсілі. Сб. «Вычисл. и прикл. матем.», вып. №56. Киев, 1985.

7. Штурм-Лиувилли есебін шешудің көпблокты матрицалық тәсілі. Сб. тез. докл. ІХ республ. межвуз. научн.коференции по матем. и механ. ч.2 . Алматы, 1989.

8. Екінші ретті параболалық теңдеулердің уақыт бойынша квазипериодты және кеңістік айнымалылары бойынша периодты шешімдері туралы. Изв. АН . Каз. ССР- Сер. Физ-мат. №1. Алматы, 1991.

9. Қайсыбір параболалық теңдеулер жүйесінің уақыт бойынша квазипериодты шешімі туралы. 1- съезд математиков Казахстана. Тезисы докл. Шымкент, 1996.

10. Сызықтық емес параболалық типті теңдеудің квазипериодты шешімінің кіші параметрге қатысты голоморфтылығы. Материалы І международной матем. конференции. Ақтөбе, 1998.

11. Бір параболалық теңдеулер жүйесінің уақыт бойынша квазипериодты және кеңістік айнымалылары бойынша периодты шешімі туралы. Материалы ІІ международной матем. конференций. Ақтөбе, 2000.

12. Сызықтық емес параболалық типті теңдеудің уақыт бойынша квазипериодты және кеңістік айнымалылары бойынша периодты шешімінің голоморфтылығы. Поиск. Серия. Естеств. тех. наук. Алматы, 2001.

13. Сызықтық емес параболалық теңдеулер жүйесінің кіші параметр бойынша голоморфты шешімінің бар болу мәселесі. Международная конференция «Дифференциальные уравнения и их приложения» . Тезисы докл. Алматы. 2001.

14. Физика курсынан есептер шығару үшін программаланатын микрокалькуляторларды қолдану. Әдістемелік ұсыныс. Ақтөбе. 1990.

15. Математика. Кіріктіріп оқыту бағдарламасы бойынша 5 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік құрал. Ақтөбе. 1991.

16. Математикадан оқушылар білімін бағалаудың рейтинг жүйесі. ІІІ Республикалық дарынды балалармен және жастармен жұмыс жүргізу саласындағы инновациялық әлеуметтік-педагогикалық жобалар фестивалі. Астана, 2004.

Оқытатын пәндері: Дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика және оларды шешу әдістері