Жигалин Николай Сергеевич

филология ғылымдарының кандидаты

Жигалин Николай Сергеевич

2017-03-28

Жигалин Николай Сергеевич – филология ғылымдарының кандидаты, 1967 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің орыс филологиясы кафедрасының доценті болып қызмет етеді. Аспирантураны бітіріп, 1973 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ филология факультетінде синтаксис бойынша диссертация қорғады.
Н.С.Жигалин қазіргі орыс тілі синтаксисы бойынша тек дәстүрлі тәсілдерді ғана емес, сонымен қатар оны оқытудың теориясы мен практикасының заманауи жетістіктерін пайдаланып, үнемі оқу үрдісіне белсенді нысандар мен білімді бақылау, жаңа интерактивтік технологиялар, студенттердің өзіндік жұмыс жасауын дамытуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және өткізу әдістерін енгізе отырып, дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Ғалымның «Синтаксис нысандары» атты арнайы курсын студенттер зор қызығушылықпен тыңдайды.
Н.С.Жигалин үнемі ғылыми баяндамалар жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстармен белсенді айналысып келеді. Ғалымның жетекшілігімен студенттер мен магистранттар дипломдық, диссертациялық жұмыстар орындап, орыс тіліндегі «предложно-падежные формы» мәселесіне жүйелі талдаулар жүргізген. Н.С.Жигалиннің басшылығымен магистрлік диссертациялар, дипломдық жұмыстар сәтті қорғалды.
Ізденіс нәтижесі ретінде сөзалды қосымшаларға (предлогтар) және оның семантикасына арналған өзіндік көзқарастарын «Синтаксистік нысандардағы предлогтар» атты мақаласын шығарды. Көпжылдық білім берудің нәтижесі ғылым доцентінің қазіргі орыс тілі пәні бойынша шығарған жаттығулар жинағында, электрондық оқу құралдарында, жаңа білім беру Тұжырымдамасына сәйкес дайындаған оқу материалдарында көрініс алған.
1978 жылдан бастап Н.С.Жигалин Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде үнемі басшылық орындарда: орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы, гуманитарлық институт директорының орынбасары, жалпы тіл білімі және аударма кафедрасының меңгерушісі м.а. қызметтерін атқарды. Өзі басқарған бөлімдердің материалдық-техникалық және эксперименттік-өндірістік базасын нығайтуға аса зор көңіл бөлді.