Кисметова Галия Нагибудаевна

педагогика ғылымдарының кандидаты

USER_PHOTO

Кисметова Галия Нагибудаевна

2017-03-17

Кисметова Галия Нагибудаевна 1991 жылы А.С.Пушкин атындағы ОПИ-да білім алған. Жалпы жұмыс өтілі – 31 жыл, жоғары оқу орнындағы өтілі – 19 жыл. 13.00.08 мамандығына байланысты Самара мемлекеттік педагогикалық университетінде «Кәсіби білім теориясы мен әдістемесі» атты диссертациясын қорғады. Ресей Федерациясы ғылым кандидатының дипломына сәйкес 18.02.2005 жылы 212.21605 диссертациялық кеңестің №140371 шешімі бойынша оған ғалым лауазымы берілді. 2006 жылы қайта аттестациялаудан өтіп, Қазақстан Республикасының ғылым кандидаты ғылыми атағы берілді. Диссертациясын қорғағаннан кейін кафедраға қайта оралды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК доцент атағына ие болды. 2005 жылдан бастап «Шет тілі» кафедрасын басқаруда.

Кисметова Г.Н. 98 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 16 оқу құралы күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған, 2 электронды оқулық, 76 ғылыми мақала мен 4 оқу құралы РОӘК-пен мақұлданды және бір оқу құралы ҚР БҒМ-да сараптамадан өтті:

1. Ағылшын тілі грамматикасы (оқу құралы), (М.Өтемісов атындағы Батыс Қаз. Мемлекеттік университеті. 2007 жылы Алматы қ., РОӘК-пен мақұлданған. 25.12.07. № 6 хаттама.)

2. Ағылшын тілі /Педагог және психолог мамандықтарына арналған/ (М.Өтемісов атындағы Батыс Қаз. Мемлекеттік университеті. 2009 жылы Алматы қ., РОӘК-пен мақұлданған. 23.06.09. № 10 хаттама.)

3. Ағылшын тілі /мұнай және газ мамандығына арналған, 2 том/ (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ баспасы, Алматы қ., РОӘК-пен бекітілген, 19.06.12 жылы №1 хаттама.)

4. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған кәсіби-бағытталған ағылшын тілі / Оқу құралы. БҚМУ баспасы, 2016 ж. РОӘК-пен ұсынылған, №2 хаттама, 20 сәуір, 2016 ж., 153 б.

2014 жылы «Бастау» баспа орталығында Ағылшын тіліне арналған оқу құралы 1000 данада басылып шығарылды (24.5 б.б.), Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына таратылған.

Кисметова Г.Н. тек кафедраның меңгерушісі ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Оның еңбектері тек отандық баспаларда ғана емес, шет елдерде де жарық көруде. 2016 жылы «Postmodernism trend in Kazakh novels» (On the basis of novels «Zharmak» by M.Magauin, «Deceptive world» by S.Elubay, «Flowers and books by D.Amantay») атты мақаласы жарыққа шықты, The Social Sciences журналында нөлдік емес импакт-фактормен 11(20): 4808-4813 pp, 2016. ISSN: 1818-5800. Medwell Journals, 2016. Scopus.

Кисметова Г.Н. көп уақытын өзін-өзі дамытуға бөліп, барлық болып жатқан конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысқан:

1. 27.01-26.042016 «Негізгі жалпы білім педагог квалификациясы. Пәндік аймақ – Шет тілі» арнайы курсына қатысып, тестілеуден өтіп, II орынды иеленген.

2. 2016 жылдың ақпан айында халықаралық конкурсқа қатысқан: «Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы – 2016». «Ең үздік ғылыми-зерттеу жобасы – 2016» халықаралық конкурсына қатысқаны үшін сертификат берілді.

3. 2016 жылдың 28 ақпанында блиц-олимпиадада «Умната» Бүкілресейлік конкурсына қатысқан: «Интерактивті оқыту технологиясы» және II орынды иеленген, диплом нөмірі: umn1 – 150662.

4. 2016 жылдың 16 наурызында ағылшын тілі бойынша «English vocabulary» IV халықаралық олимпиадасына қатысып, I орынды иеленді. Диплом нөмірі: 144201.

5. 3-31 наурыз аралығында «Заманауи техникалық және кәсіби білімдегі педагогикалық үрдіс» курсына қайта дайындықтан өтті (Орал қ., 2014 ж., 150 сағат).

6. 2016 жылдың 24 наурызында ағылшын тілі бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, III орынды иеленді, диплом нөмірі: 19169.

7. 2016 жылдың 25 наурызында «Ағылшын тілі мұғалімінің білім жүйесіндегі грамматикалық құрылым» блиц-олимпиадасында «Вопросита» Бүкілресейлік конкурсына қатысып, I орынды иеленді, Диплом нөмірі: umn1 – VP81-265688D142231.

8. 14.04.2016 жылы «Орта және жоғары мектеп жүйесінде көптілді білімді дамытудың проблемалары» атты ғылыми-әдістемелік семинарға белсенді қатысқан.

9. 26-28 қазанда «концепт және концептосфера: тілді оқытудағы жаңашылдық» квалификациясын жоғарылату үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінде халықаралық курсқа қатысты (Орал қ., 24 сағат).

10. 2016 жылы 24 қарашада «English Grammar teaching in the language college» тақырыбы төңірегінде «Жыл мұғалімі» номинациясында Бүкілресейлік ұстаздар конкурсына қатысып, I орынды иеленген, диплом нөмірі: 1866100.

11. 2016 жылы 6 желтоқсанда «Қазіргі әлемдегі көптілділік проблемасы» тақырыбында «Жыл мұғалімі» номинациясында Бүкілресейлік ұстаздар конкурсына қатысып, I орынды иеленді, диплом нөмірі: 1958900.

Ол тәжірибелі кафедра меңгерушісі және жетекшісі, оның қызмет туралы тізімі 12 жыл. 2014 жылдан бастап 4 магистрантты шығарып салған. 2013 ж «Ыбырай Алтынсарин» атты төс белгімен марапатталды.