ҚҰЛМАҒАМБЕТОВАҒА СВЕТЛАНА САНЖАНҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

USER_PHOTO

Светлана Санжанқызы Құлмағамбетова

2017-03-17

Педагогика ғылымдарының кандидаты Светлана Санжанқызы Құлмағамбетова М.Өтемісов атындағы БҚМУ шетел тілдері кафедрасының доценті лауазымында 2013 ж. бастап жұмыс істейді. Жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 26 жыл, соның ішінде ЖОО – 25.

2001 ж. Мәскеу мемлекеттік университетінде 13.00.08 – Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Диссертация тақырыбы: «Развитие проектных технологий этнокультурного образования студентов в вузах Казахстана».

2008 ж. ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінде нострификациядан өтті.

Шетел тілдері кафедрасында жұмыс жасаған уақыт аралығында доцент С.С.Құлмағамбетова 15 ғылыми мақалалары РФ, Таиланд, Қытай, Түркия, Чехия елдерінде республикалық, халықаралық конференция материалдарында, ҚР БжҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бекітілген ғылыми журналдарда, Scopus ғылыми-метрикалық қорда индекстелетін журналдарда, импакт-фактор (Quartile 2) жарық көрді. Thomson Reuters ғылыми-метрикалық қорда индекстелетін журналдарда 3 ғылыми мақаласының жарыққа шығуы күтілуде. Жалпы, ғылыми еңбек саны- 63, оның ішінде 3 оқу құралы мен 1 монографиясы (ағылшын тілінде) өңделіп, жарық көрді:

1. «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенттеріне арналған «Теоретическая фонетика»;

2. Тілдік емес мамандықтардың 1-курс студенттеріне арналған «Английский язык»;

3. ЖОО студенттеріне арналған «Технологии в педагогическом образовании»;

4. Кең қолданушылар өрісіне арналған «Developmental pedagogical technologies» монографиясы.

Қазіргі таңда доцент С.С.Құлмағамбетова «Лингвистикалық зерттеулердің тарихы», «Шет тілдері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстардың негіздері», «Педагогикалық жағдайларды талдау әдістемесі», «Шетел тілін оқыту әдістемесі», «Оқытылатын шет тілдері халықтарының әдебиеті» пәндерінен дәрістік курстар мен тәжірибе сабақтарын жүргізеді.

Жыл сайын дипломдық және магистрлік жұмыстарға ғылыми жетекшілік қызметін атқарып келеді.

Жыл сайын уақытылы пәндердің оқу-әдістемелік кешенін, оқу жұмыс жоспарын, силлабустарды үлгілік оқу бағдарлаасы мен ҚР БжҒМ білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына негіздеп өңдеп, жетілдіру жұмысын атқарады.

Польша және Германия серіктес университеттерінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті: Ұлы Казимир атындағы университетінде (Быдгощ қ., Польша), Экономика университетінде (Быдгощ қ., Польша), Николай Коперник атындағы университетінде (Торунь қ., Польша), Отто фон Герике атындағы университетінде (Магдебург қ., Германия, 2013 ж); Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінде (Элиста қ., РФ, 2014 ж.); Лондон менеджмент академиясында (Лондон қ., Ұлыбритания, 2015 ж.); Халықаралық Малайа-Уэльс университетінде (Куала-Лумпур қ., Малайзия, 2016 ж.). Сертификаттары бар.

ҚР ЖОО Ассоциациясының Алғыс хатымен мараппаталды (2012 ж.);

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Иманғалиевтің Құрмет грамотасымен марапатталды (2015 ж.);

Халықаралық Малайа-Уэльс университетінің Алғыс хатымен марапатталды (Куала-Лумпур қ., Малайзия, 2016 ж.)

М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызмет еткен уақыт аралығында 11 сертификаты бар.