Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы

Профессор, педагогика ғылымдарының докторы.

USER_PHOTO

Профессор, педагогика ғылымдарының докторы.

2017-03-10

І. Аты-жөні мен туған жері.

Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев 15.11.1963 ж.  Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Теңіз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) Киров селолық кеңесіне қарасты Тайланбай ауылы.

ІІ. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі.

Профессор, педагогика ғылымдарының докторы.

Кандидаттық диссертациясы:

  1. 1993-1995 ж.ж. қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінің аспирантурасында оқып, 1995 жылы қажырлы ізденістерінің нәтижесінде көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Нұржамал Оралбаеваның ғылыми жетекшілігімен «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғады.

Докторлық диссертациясы:

  1. 1999-2001 ж.ж. аға ғылыми қызметкер лауазымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде болып, 2001 жылы «Шешендіктануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.
  2. 2008 жылғы 29 ақпандағы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен педагогика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

         ІІІ. Жұмыс орны мен қызметі (қазіргі уақытта)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры.