Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы

Доцент. Филология ғылымдарының кандидаты.

USER_PHOTO

Доцент. Филология ғылымдарының кандидаты.

2017-03-10

І.Аты-жөні мен туылған жері.

Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы. 10.05.1960 ж. -Орал облысы (қазіргі Батыс Қазақстан), Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданы, Жымпиты кеңшары, Аралтөбе ауылдық кеңесіне қарасты № 3  Жамбыл  бөлімшесінің «Қарабас-Плантация» елді мекенінде  дүниеге  келді.

ІІ. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі.

Доцент. Филология  ғылымдарының кандидаты.

Кандидаттық диссертациясы:1.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары аттестациялық комиссия Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетіндегі  Диссертациялық кеңестің 2000 жылғы 24 мамырдағы шешімімен (№5 Хаттама) 10.01.02 – «Қазақ  әдебиеті» мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты  ғылыми  дәрежесі берілді (ҒК  № 0007417. Алматы-2000).

2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім  және ғылым саласындағы бақылау комитетінің  2011 жылғы 14 маусымдағы  шешімімен (№5 Хаттама) 10.01.00 – «Әдебиеттану»  мамандығы бойынша  доцент  ғылыми  атағы  берілді (ДЦ  № 0002475.  Астана-2011).

ІІІ. Жұмыс орны мен қызметі (қазіргі уақытта).

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті.