Сергалиев Нурлан Хабибуллович

М. Өтемісов ат. БҚМУ ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

USER_PHOTO

Қош келдіңіздер!

2017-01-27

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – облысымыздағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орны, аймақтағы ірі білім беретін және оқу-ғылыми орталығы ретінде өзінің тарихын және жақсы дәстүрлерін сақтап қоймай, үздіксіз дамытып және жетілдіріп келеді.

Ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар білім ордасы – Қазақстанның батыс өңірінің ғылым, білім, мәдени, экономикалық дамуына өлшеусіз үлесін қосқан зор мақтаныш иесі.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетік университетінің миссиясы – Қазақстанның батыс аймағын жаңа кадрлармен және ғылыми ресурстармен қамтамасыз ету, оның жедел және әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосуын арттыру.

Мақсаты – зор білімді және ғылыми инновациялық инфрақұрылымы жоғары халықаралық деңгейдегі классикалық университет болу.

Басты міндеті – оқу, ғылым, тәрбие үрдісінің бірлігі мен жаңашылдығының арқасында түлектердің кәсіби деңгейін жоғарылату және олардың еңбек нарығында қабілеттілігін қамтамасыз ету.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы