Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы

М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент), филология ғылымдарының кандидаты.

USER_PHOTO

М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент), филология ғылымдарының кандидаты.

2017-03-10

І. Аты-жөні мен туылған жері.

Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы 1984 жылы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Бұлан ауылында  дүниеге  келген.

ІІ. Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры (доцент), филология  ғылымдарының кандидаты.

Кандидаттық диссертациясы: 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың диссертациялық кеңесінде 10.01.02 – «Қазақ  әдебиеті» мамандығы бойынша «С. Мұқанов романдарындағы диалог қолдану ерекшелігі» тақырыбында (Ғылыми жетекшісі: С. Мақпырұлы) филология ғылымдарының кандидаты  ғылыми  дәрежесін қорғаған.  

  1. М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Ғылыми кеңесінің шешімімен М. Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры академиялық атағы берілген.

ІІІ. Жұмыс  орны мен қызметі (қазіргі уақытта).

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті, университеттің баспасөз қызметінің жетекшісі