Утегенова Қарлыға Таскалиевна

орыс филологиясы кафедрасының доценті, п.ғ.к.

USER_PHOTO

Қарлыға Таскалиевна Утегенова

2017-03-28

К.Т.Утегенова 1986 жылы А.С.Пушкин атындағы ОПИ-дың филология факультетін үздік аяқтаған.
Ол 1986-1989 жылдар аралығында Жымпиты және Жәнібек аудандарындағы ауылдық мектептерде орыс тілі мұғалімі қызметін атқарады. Осы жылдары жүргізілген эксперимент жұмыстары диссертациялық зерттеуге негіз болды.
1989 жылы А.С.Пушкин атындағы ОПИ орыс тілін оқыту әдістемесі кафедрасының ассистенті қызметіне қабылданады. Оқытушы қызметін атқара жүріп ғылымға аса көп мән берді. 1990, 1997 жылдары Карлыга Таскалиевна – орыс тілі әдістемесі кафедрасының аспиранты болды.
1998 жылы К.Утегенова Мәскеу қаласындағы Ұлттық білім мәселелері институтында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2001 жылы БҚМУ доценті академиялық атағы берілді. Ал 2002 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімімен «Педагогика» мамандығы бойынша доцент атағы берілді.
К.Утегенова - тәжірибелі оқытушы, қазіргі инновациялық әдістерді қолданыстағы сауатты маман. «Орыс тілінің практикалық курсы» атты оқулығы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің басылымға шығуға ұсынысын алған. Барлық оқу құралдары Қазақстанның бірнеше ЖОО-да, колледждерінде пайдаланылады. К.Утегенова оқу үдерісіне электронды оқулық бойынша жұмыстарды енгізді. Орыс тілі бойынша қашықтан сырттай оқитын студенттерге арналған электронды оқулық, ҰБТ-ға дайындық мақсатында мектеп түлектерін қашықтан оқыту электронды оқулықтарын жазып бітірді. Мұнан басқа орыс тілінің практикалық курсы бойынша электронды оқулығы оқу үдерісінде белсенді қолданылуда.
Карлыга Тасқалиевна қазіргі уақытта ғылыммен белсенді айналысуда. Оның Алматы, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Орал, Уфа, Донецк, Лондон, Санкт-Петербург, Астрахань, т.б. қалаларында жарық көрген 100-ден астам ғылыми-әдістемелік жарияланымдары бар.
2015 жылдың 19-25 қаңтарының арасында Халықаралық қысқы Ғылыми мектептің ұйымдастырушысы (Орал қаласы), 2015 жылдың 17-25 маусымының Халықаралық жазғы Ғылыми мектептің координаторы (Бишкек қаласы). «Новые парадигмы и новые решения в когнитивной лингвистике» атты ХVI Халықаралық ғылыми конференциясының ұйымдастырушысы (20-20 қаңтар 2015 ж., Орал қаласы).
2014-2015 оқу жылында доцент К.Утегенованың жетекшілігімен өткізілген жоба «Орыс тілінің меридиандары» атты Дүниежүзілік байқаудың лауреаты атанып, дипломы Мәскеу қаласында тапсырылды.
2015 жылы К.Утегенова білімін арттыру мақсатында екі оқу бағдарламасын игеріп, сертификат алды: 1) «Когнитивная лингвистика и концептуальные исследования». Санкт-Петербург қаласындағы ТЖҚ ӘИ сертификаты; 2) «Педагогика кадрлар дайындайтын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы». Назарбаев Зисткерлік Мектебі және Кембридж Университетінің сертификаты.
2016 жылдың қыркүйек айында Санк-Петербург институтының шетел телдері кафедрасымен Бірлескен Федералды грантына қатысты.
2016 жылдың қаңтар айында Халықаралық ғылыми мектепте когнитивті лингвистика бойынша дәріс оқығаны үшін «Болашақ» академиясының атынан алғыс хатқа ие болды, Әлемдік Байқау лауреаты атанды.
К.Утегенова қоғамдық жұмысқа да белсенді араласады. Ол ішкі аудит ретінде БҚМУ бөлімшелеріне жыл сайын ішкі аудит жүргізеді. Өзін халықаралық конференцияларда ұйымдастыру комитеті мүшесі ретінде жақсы ұйымдастырушы екенін көрсетті. Мектептермен байланысқа да көп көңіл бөледі.
Қ.Утегенова – адамдармен тіл табыса білетін, өмірлік ұстанымы белсенді, ұйымдастырғыш қабілеті жоғары, еңбексүйгіш, шығармашылық адамы ретінде танылды. Ол әріптестері мен студенттер арасында үлкен беделге ие.