Выдрина Наталья Алексеевна

орыс филологиясы кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандидаты

USER_PHOTO

Выдрина Наталья Алексеевна

2017-03-28

Н.А.Выдрина орыс және әлем әдебиеті кафедрасында мектептегі 3 жылдық еңбек өтілімімен 1979 жылы ғылыми тағылымгер болып қызмет атқарды.
Тағылымдама мен аспирантурадағы оқуын әдеби білім беретін лабораториядан бастап, 1986 жылы диссертациясын қорғады. Аспирантураны аяқтаған соң Н.А.Выдрина орыс және әлем әдебиеті кафедрасында жұмысын жалғастырып, содан соң аралас мамандықтар әдебиеті кафедрасында жұмыс атқара бастады. Бұл уақыттың ішінде Н.А.Выдрина өзін тәжірибелі, білікті маман ретінде көрсете білді. Ол білікті маман ретінде әдебиетті оқыту әдістемесі, балалар және кәсіпке маңызды пәндерден сабақ беріп, педагогикалық сараманның және диплом жетекшісі ретінде оң бағасын ала білді. 2009 жылы Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Әдебиетті оқыту әдістемесі" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Н.А.Выдрина әрдайым тәрбие жағына аса мән береді. Куратор ретінде бірнеше топтарды тәрбиелеп, әдеби кештердің (Пушкин балы) тамаша ұйымдастырушысы ретінде танылды. Н.А.Выдрина әріптестерінің арасында сыйлы, БҚМУ-дың эксперттік сараманның мүшесі, облыстық ғылыми конференциялар, педагогикалық практика, қалалық, облыстық пән олимпиадаларының белсенді қазылық етушілерінің бірі болып жүр.
Ғалымның мақалаларының тақырыптары әдебиеттің барлық жанрларын қамтиды. Мысалы, мектепте әдебиет әдістемесін оқытудағы жағдаяттар, әдебиеттегі Күміс дәуірі, "Қайта өрлеу" әдебиеті, авторлық әндер т.б.
Н.А.Выдрина Мәскеуде өткен В.С.Высоцкий шағармашылығына арналған халықаралық конференциясына қатысып, 2003 жылы И.С.Шмелевтің шығармашылығына арналған мақаланы "Литература в школе" журналында жарыққа шығарды. Н.А.Выдрина 2004 жылы Орал қаласында "Особенности изучения литературных и фольклорных произведений в современной школе" оқу-әдістемелік құралын жазды.
Халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық, аймақтық және облыстық конференцияларға қатысып, әдістемелік оқу құралдарының бірқатарын жарыққа шығарды, оның бастауымен «ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті тарихы» (екінші жартысы), «ХХ ғасырдағы шетел әдебиеті тарихы» және тағы да басқа дәрістер дайындалды.
Н.А.Выдрина студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмыстарына қатысуын әрдайым қадағалап жүреді. Оның студенттері ғылыми мақалаларымен республикалық байқауларда топ жарып жүр. Көп жылдар бойы ол филология факультетінде студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Оның жетекшілігімен жеті студенттік мақала жарияланды.
Н.А.Выдринаның 55-тен астам ғылыми жұмыстары Мәскеу, Лондон, Самара, Ростов-на-Дону, Алматы, Орал т.б. қалаларда басылып шықты. Әдістемелік құралдары ғалымдардың оң бағасын алып, мектеп мұғалімдерінің сұранысына ие.