Журасова Алтынай Шұғайқызы

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

USER_PHOTO

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

2017-03-06

       Журасова Алтынай Шұғайқызы 1965 жылы 15 қарашада Казталовка ауданы Қызылту ауылында дүниеге келген. Бірік орта мектебін аяқтаған соң Орал қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түсіп, оны үздік  дипломмен аяқтап, Саралжын сегізжылдық мектебінде ұстаздық қызметін бастаған. 1986 жылы Әл Фараби (С.М.Киров) атындағы ҚазМҰуниверситетіне оқуға түсіп,  1991 жылы осы университеттің тарих факультетін бітірген.

       1991-1993 жылдар арасында Орал педагогикалық коллдежінде тарих және қоғамдық-саяси пәндер оқытушысы болып қызмет жасады.

      1993 жылдан бері Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасында қызмет етіп келеді.   «Ежелгі дүние тарихы», «Азия-Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы»,  «Азия-Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы», «Халықаралық қатынастар тарихы», «Дипломатиялық және консулдық қызмет», «Дипломатиялық құжаттама», «Келіссөздерді жүргізудің теориясы мен практикасы», «Аймақтануға кіріспе» пәндерінен дәрістер оқиды. «Мамандану елінің тарихы» пәні бойынша 15 сағаттық видеодәріс жаздырды. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» тақырыбында онлайн семинарда және 2014 жылы мамыр айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында шеберлік класын өткізді. Өзінің педагогикалық тәжірибесін бірнеше рет шеберлік кластарда, жас ұстаздарға арналған семинарларда, оқытудың инновациялық жобалар байқауында көрсетті, оның интерактивті сабақтар өткізу әдістемесі университеттің озық тәжірибелер жинағына енгізілді.

        М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Диссертациялық кеңесінде 2007 жылы 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін сәтті қорғады.

 Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңының 23 бабына сай 13.11. 2011 жылы Сериясы МК №002058 аккредитация туралы куәлік алды. Бірнеше дипломдық  және ғылыми жұмыстарға жетекшілік жасады.    ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына «Батыс Қазақстан қалалары: тарихы мен қазіргі аймақтық даму мәселелері»  атты жобамен қатысып, жақсы нәтижеге ие болса, оның жетекшілігімен  2012 жылы облыстық инновациялар байқауында «Аймақтану» мамандығының студенттері «Кедергісіз білім» жобасымен 3 орынға,  2015 жылдың  25 ақпанында Астана қаласындағы халықаралық олимпиадада 1 орынға ие  болды.

       2014 жылдың 21 сәуірі мен  17 мамыры аралығында «Өрлеу» біліктіліктілікті арттыру курсынан өтті. 2014-2015 оқу жылындағы айтулы даталарға байланысты халықаралық, республикалық конференциялар мен онлайн-конференцияларды өткізуге ұйытқы болса, 2015 жылы Орал қаласында өткен Халықаралық «Шерлі шежіре» фестивалінің ұйымдастырушысы және тікелоей қатысушысы болды.  БҚО Халық Ассамблеясының эксперттік комиссиясының мүшесі. А.Журасова қазіргі таңда бір монографияның, 2 оқулықтың, 3 оқу құралының, 4 әдістемелік құралдың және 40-тан астам мақаланың, соның ішінде шетелдік басылымдардағы 3 мақаланың  авторы. 2015 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Біолім және ғылоым министрігінің «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды. Жалпы білім беру саласында 30 жыл, ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде 24 жыл жұмыс жасап отырған А.Ш.Журасова өзінің қызметінде университеттің барлық шараларынан тыс қалмайтын, өз ісіне өте жауапты, талап қойғыш, тәжірибелі оқытушы. Ол әріптестері арасында өзіндік беделге, бірнеше мақтау қағаздары мен алғыс хаттарға ие.

Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш.Журасованың ғылыми жұмыстарының тізімі

 Монография

  1. Орал қаласының тарихы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы (1946-2011жж.): Монография – Орал: БҚМУ баспа орталығы, 2012.-194 бет.

Учебники и учебное пособие:

  1. Педагогикалық практика бойынша әдістемелік құрал. Орал, 2002.
  2. Евразия тарихы бойынша оқу құралы / Х.И.Қожабергенова. Орал,2002.-36 б.
  3. Ежелгі Шығыс елдерінің // оқулық Орал,2012.-162 бет.
  4. Тарихты оқыту әдістемесі // оқу құралы. Орал,2013.-161 б.
  5. Өндірістік және оқу-танысу практикасы бойынша әдістемелік нұсқау. Орал,2014
  6. Дипломатиялық құжаттама. оқу құралы. Орал, 2014.-222 б.
  7. Дипломалды сараман бойынша әдістемелік құрал. Орал,2015.
  8. Ежелгі Грек тарихы.// Оқулық. Орал, 2015.-260 б.
  9. Халықаралық қатынастар тарихы бойынша терминологиялық сөздік. Орал,2016

 Список опубликованных научных статей:

1993

  1. Әлем таныған халықпыз/ Орал өңірі.-1993,қазан.

1998

  1. Сауаттылықты жою жолында «Вестник» высшей школы, 1998, №2, 57-64 беттер.
  2. Қазақстандағы кәсіптік білім беру ісінің дамуы «Поиск», 1998 №2, 76-80 беттер.
  3. Қазақтардың саяси жағдайы жөнінде «Ақиқат», 1998 ж №4, 86-88 беттер.
  4. Интеллигенцияның қалыптасуындағы жұмысшы факультеттерінің ролі Тезис в сб. «Проблемы вузовской науки», Орал, 1998.
  5. 20-30 жылдардағы кәсіптік білім беру мәселесі Тезис в сб. «Современные проблемы истории Казахстана: становление казахской государственности и развитие науки». Уральск, 1998 г

2002

  1. Рухани-мәдени мұралар хақында «Қазақ тарихы», 2002 ж, №3, 76-80 бет.
  2. Көшпелілер әлемінен өркениетке жол «Тараз: Мыңжылдық сұхбат және өркениет»// Халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинағы, Тараз,  2002 қазан 122-136 бет.
  3. Жоғарғы оқу орындарының даму тарихынан Сборник материалов международной научно-практической конференции, посвященной 70-летию ЗКГУ. 11-12 октября Орал, 2002 г, 22-25 стр.

 2003

  1. Педагогикалық практика бойынша әдістемелік құрал Орал, 2003 ж, 28-бет.
  2. Евразия тарихынан оқу-методикалық құрал Орал, 2002 36-бет.
  3. Роль университетов в региональном политике образования Сборник II Международный научно-практической конференции «Университет и содружестово» Москва. МГУ, ноябрь 2003 г.
  4. Орал қаласының экономикалық даму тарихынан «Поиск» журналы, 2003 ж, №3.

2004

  1. Орал -өндірісті қала «Қазақ тарихы» журналы, 2004. №2
  2. ХХ ғасырдың басындағы патшалы Ресейдің білім беру саласындағы саясаты Гуманитарлық академияның хабаршысы. 2004. №1.
  3. Орал қаласының шетелдермен қарым-қатынастағы ролі «XVIII-XIX ғғ Қазақстанның шектес елдермен қарым-қатынасы: жай күйі және перспективасы». Халықаралық конференция жинағы. Актөбе, 2004.

2005

  1. Орал қаласындағы мәдени-реакрациялық процесстер. «Шокан тағылымы-10» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Сәуір, 2005. 126-130 бет.
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орал қаласы // «Әлемдік тарих шеңберіндегі соғыс және бейбітшілік мәселесі» ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.мамыр, 2005.183-186-бб.

2006

  1. Тарих сабақтарында ойын әдістерін қолданудың ролі мен маңызы Жоғарғы оқу орындарындағы инновациялық оқыту технологиялары мен интерактивтік әдістер// Республикалық ғылыми-практикалық конференция Орал, 2006.- 102-104 бет.
  2. «Орал қаласы тұрғындарының әлеуметтік -тұрмыстық жағдайының қалыптасуы Отан тарихы, 2006. №2.-159-165 бб.

2007

  1. Интеграциялық процестегі Орал қаласының орны. «Батыс Қазақстанда тарих ғылымы мен білім дамуының мәселелері: ізденістер мен міндеттер»// ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2007.-130-131 бб.
  2. Білім беру саласындағы Қазақстанның саясаты: жүзеге асуы мен перспективалары. «Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы және жоғарғы мектеп міндеттері». БҚМУ 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Орал,2007. 8-10-бб.

2008

  1. Инновация - педагогикалық технологияларды  толықтыратын   жүйе. Мектеп-ЖОО-мектеп: ынтымақтастық перспективалары//облыстық ғылыми-практикалық конференция. Орал, 2008. 11 сәуір.58-60-бб.
  2. «Мамандану елінің тарихы» пәні бойынша оқытушының жетекшілігімен атқарылатын студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру формалары / Озық педагогикалық тәжірибе мектебі.// материалдар жинағы. Орал, 2008.-48-51бб.
  3. Қазақстандағы қалалар тарихы мәселесі: өзектілігі мен ізденістер (Орал қаласының тарихы мысалында). «Тюркское историко-культурное наследие: открытия, проблемы, перспективы.» атты Абай атындағы ҚҰПИ-да өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция// Алматы, 2008 жыл 29-30 сәуір.
  4. Орал қаласының өзекті мәселелері мен оның шешілу барысы туралы. «Отан тарихы» журналы, 2008. №3.
  5. Қазақстан қалалар тарихының мәселелері: зерттелуі мен перспективасы.//Қоғам және дәуір (ғылыми-сараптамалық журнал) №3.2008.- 78-85-бб.

2009

  1. Қалалар тарихын зерттеудегі құжаттардың алатын орны.// Мұрағат.-№3.2009.

2011

  1. Бөкей ордасындағы жер қатынастарындағы өзгерістер.// «Батырлар институты: қалыптасуы, тарихы, маңызы»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.6 мамыр, 2011.
  1. Европаға жол саясаты: мәні мен маңызы.// «Қазақ мемлекеттілігі: жарқын бетбұрыс, жойқын ұмтылыс(1991-2011жж.)»// Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Орал.- 2 желтоқсан. 2011.- 113-116 беттер.

2012

  1. Иран мемлекеті алмағайып заман кешіп, кейінгі тарихи дамуға негіз салды. «Аңыз адам» журналы. 2012. №6 (42). 34-36 бб.
  2. Ежелгі шығыс елдерінің тарихы: оқу құралы.- Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2012. -162 бет.
  3. Feature of number seven in customs of the Kazakh people // Modern Issues in Kazakhstan. // Research into economic and social processes. International Center for Education and Technology, 109 E Lamme Sreet, Bozeman, MT 59715 Printed in the United States of America. P. 33-35.
  4. Тарихты оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құрал. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2012. -162 бет.
  5. Ұлы дала әйелдері // Х.Доспанованың 90 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. Орал, мамыр, 2012.
  6. Қазақ халқының әдет-ғұрпындағы жеті санының қасиеті //М.Өтемісов атындағы БҚМУ Хабаршысы. №3 (47) -2012. 271-274 бб.
  7. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуындағы президенттің лидерлік ролі.

2013

  1. Батыстан шыққан батырлар ұрпағы // «Қожаберген жырау-ұлы дала

дауысы». Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты. Қ.Толыбайұлының туғанына  жыл толуына орай өткізілген Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция. 1 наурыз, 2012.

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар// Профессор П.Р.Букаткиннің 90 жылдығына арналған ғылыми- тәжірибелік конференция. 4 Мамыр, 2013 жыл.118-124 бб.

2014

  1. Вкратце об истории Уральска ХІХ в.// 6th Coference ’’Applied Sciences and technologies in the United States and Europe: common challenges and scientific findings’’held in New York, USA. April, 2014.-p.19-21
  2. Дамудың инновациялық типі және Қазақстандағы инновациялық даму мәселесі//«Қазақстан тәуелсіздігі және егемендігі тарих толқынында (1991-2011жж.)» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция. Орал. 30 Мамыр, 2014.-82-85 бб.
  3. Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің ролі//«Дінтану – уақыт талабы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы. Орал,2014.-59-61 бб.
  4. Роль шелкового пути в взаимодействия и взаимообогощения этнических культур//«Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мен Ресей шектес мемлекеттер халықтары: диалог және ынтымақтастық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция 25 қараша, 2014.- 46-49 бб.
  5. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның саяси орнын айқындаудағы лидер ролі//«Ұлт көшбасшысы: саяси тәжірибе, Қазақстан мемлекеттілігінің дамуы және қалыптасуындағы сара жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция маетриалдары 27 қараша 2014 жыл.139-142 бб.

 2015

  1. «Приграничное сотрудничество Казахстана и России – уникальный инструмент решения локальных проблем»// «Казахстан в Евразийском интеграционном проекте» тақырыбындағы дөңгелек үстел жинағы. 17 ақпан, 2015
  2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскериоперациялар// Ұлы Отан соғысының ардагері, тарихшы-ғалым, ұстаз Х.Ж.Сүйіншалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Отан соғысы: тарихы, тәжірибесі және жаңаша пайымдау» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. Орал, 2015.-72-75 бб.
  3. Блум таксономиясы әдісімен «халықаралық ұйымдар» пәнін оқыту// Педагогикалық үздік тәжірибе мектебі: ғылыми-әдістемелік жинақ. Орал,2015.-37-44 бб.

2016

  1. Мониторинг межнациональных отношений в Западно - Казахстанской области// журнал «Современные научные исследования и разработки» Выпуск № 3 (3). июнь, 2016.-245-249 с.
  2. Религиозная ситуация и религиозный толерантность в Казахстане // «Евразийский перекресток». Сборник материалов научно-практических мероприятий. Выпуск пятый. – Оренбург: ООО ИПК «Университет», 2016. – 377
  3. Модернизация гуманитарных и социальных наук и их преподавания в высшей школе в современном Казахстане: различные подходы. // “Social sciences and humanities today: towards anthropology of sciences” 11th of July 2016; Topolchanky / Slovakia.